Вторник, 03 сентября 2024 23:29

Террористік әрекеттері үшін күдіктілер ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бес қазақстандық пен бір шетелдікті ұстады.

Тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді.

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды . Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктелуде.

Заттай дәлелдемелер табылды және алынды, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар.

Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған.

Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Другие материалы в этой категории: О причинах отставки Марата Бекетаева »