Ақпанда Алматыда жаңа құрылыстағы пәтер құны 1.4 %-ға төмендеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қарағандыда (—0.3 %) және Павлодарда (—0.1 %) жаңа үй арзандады.
Қаңтармен салыстырғанда мемлекеттегі жалпы көрсеткіш 0.4 %-ға өсті. Бұған қаңтарда Ақтөбедегі жаңа тұрғын үй бағасы көтерілгені әсер етті. Бірден 10 %-ға өсті.
Қаңтарда төрт қалада баға өскені байқалды:
— Астанада (+1.4 %);
— Өскеменде (+1%);
— Көкшетауда (+0.8 %);
— Шымкентте (+0.1 %).
Қалған 12 өңірде бірінші нарықтағы баға қаңтар айындағы деңгейде қалды.
Қазір қандай тұрғын үй кешендері салынып жатқанын және пәтер бағасын Krisha.kz сайтындағы «Жаңа құрылыстар» бөлімінен біле аласыз.
Орташа құны — 488 571 теңге.
Ең жоғары баға:
— Астанада — 581 648 теңге;
— Алматыда — 571 938 теңге;
— Шымкентте — 423 500 теңге.
10 % өскеніне қарамастан бірінші нарықтағы ең арзан үй Ақтөбеде — 279 мың теңге/ш. м. Оралда — 285 мың теңге/ш. м және Көкшетауда — 288 мың теңге/ш. м.
Бір жылдағы бағаның өзгеруіне келетін болсақ (2023 жылдың ақпанына қарай), мемлекеттегі орташа көрсеткіш 3 % өсті.
Ақтөбеде ең жоғары жылдық өсім +8.9 %.
Бір жылда жаңа пәтерлер құны айтарлықтай өсті:
— Қызылордада (+7.1 %);
— Оралда (+5.6 %);
— Ақтауда (+4.8 %).
Алматыда жаңа үйлер бір жылда 3.7 %, Астанада 3.1 % қымбаттады. Шымкентте бір жылда жаңа баспана 1.6 % арзандады.
Бір жылда Көкшетауда (—4.3 %) және Қарағандыда (—0.3 %) баға төмендеді.