Понедельник, 08 января 2024 03:44

Антикор "ҚазАвтоЖол" филиалы директорының орынбасарына қатысты тергеу басталғанын растады

Сотқа дейінгі тергеу "Ұрлық" бабы бойынша жүргізілуде.

2024 жылдың 6 қаңтарында журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында "ҚазАвтоЖол" жергілікті филиалы басшыларының алғашқы қар жауған кездегі әрекетсіздігіне байланысты Тараздағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, сотқа дейінгі тергеу "Ұрлық" бабы бойынша жүргізілуде. Бұл ретте "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Кейін Жамбыл облысында "ҚазАвтоЖол" облыстық бөлімшесі директорының орынбасары Дәурен Тұлтаевтың пара алу кезінде ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

"Сотқа дейінгі тергеудің басталғанын растаймыз", — деді 8 қаңтарда Zakon.kz тілшісіне "Антикор" баспасөз қызметі.

Агенттік толығырақ ақпаратты кейін беруге уәде етті.

Сурет: Zakon.kz