Понедельник, 16 октября 2023 18:15

Тұман, үсік, жел: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 16 қазанда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады.

Метеорологтардың мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның басым бөлігі антициклонның әсерінде болғандықтан бүгін ел аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Тек елдің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсіп, екпінді жел тұруы мүмкін.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі ықтимал.

Бұдан бөлек, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде топырақ бетінде, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.