Понедельник, 21 августа 2023 18:16

Тоқаев Вьетнамға іс сапарын Хо Ши Миннің мавзолейінен бастады

Президент ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары Ба Динь алаңында орналасқан ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қоюдан басталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

1945 жылы 2 қыркүйекте Хо Ши Мин осы алаңда Вьетнамның тәуелсіздігін жариялады.

Президент Вьетнамның бостандығы үшін күресте қаза тапқан батырлардың және осы елдің ұлт көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті.

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы қатысты.