Понедельник, 22 января 2024 07:50

Қазақстанда зейнеткерлерге салынатын салық алып тастала ма?

Бұл сұраққа Үкіметте жауап берді.

Үкімет басшысы сенатор Бекболат Орынбековтың сауалына берген жауабында қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, жеке табыс салығы азаматтардың барлық табысына 10 пайыздық мөлшерлемемен есептелетінін айтты. Салық кодексінің 326-бабына сәйкес салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерге БЖЗҚ және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан түсетін төлемдер жатады.

Зейнетақы төлемдерінен ұсынылған сомаларды жеке табыс салығынан босату айтарлықтай бюджет шығыстарына әкеп соғатыны (2023 жылы 13,464 миллиард теңге, 2022 жылы 14,087 миллиард теңге) айтылды.

"Сонымен қатар, туындап отырған мәселе халықаралық тәжірибені зерделеуді және талқылауды талап етеді. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Осы жұмыс аясында зейнетақы жинағын беру кезінде жеке табыс салығын алып тастау мәселесі жан-жақты қарастырылады", — деп түйіндеді Смайылов.

Сурет: Tengrinews.kz

Другие материалы в этой категории: На чем «зарабатывает» Клебанов »