Вторник, 16 апреля 2024 13:32

АӘК қазақстандықтарға қалай алуға болады

Биыл осы Атаулы әлеуметтік көмекке бюджеттен 75,9 млрд теңге қарастырылған.

Ведомства ақпаратынша, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

  • Табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% — нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  • Табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 сәуірге АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 96,2 мың балаға 1,6 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
  • Жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

"Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады."Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бұған дейін су тасқынына байланысты ТЖ режимі жарияланған қалалар мен аудандарда ағымдағы жылдың екінші тоқсанына 5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмекті автоматты түрде тағайындау жүзеге асырылғаны хабарланған болатын.

Сурет: Zakon.kz