Әзілкеш Жахан Отарғалиева баласы бар әйелмен үйленуге дайын екенін айтты. |
Бұл туралы ол өзінің кезекті сұхбатында айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Журналист әзілкештен "Есіңде ме, осыдан 5 жыл бұрынғы сұхбатта ол кезде де дәл осындай әңгіме болды. Мен сенен "баласы бар келіншекке үйленер ме едің" деп сұрадым. Сол кезде сенімді түрде "жоқ" дедің. Қазір ойың өзгерді ме?", — деп сұрады.
"Қазір өзгерді. Қазір қанша баласы болса да алар едім. Ұнатып тұрсам, жақсы көрсем алар едім. Ол кезде қорқыныш болды. Ол кезде ондай адам болды, бірақ қорқыныш болды", — деп жауап берді Жахан Отарғалиев.