Пятница, 13 октября 2023 18:04

Астанада альпинистер биіктен құлады: бір адам қаза тапты

Астананың құрылыс алаңының бірінде 4 өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Редакцияға оқырмандар хабарласып, 12 қазанда түстен кейін салынып жатқан бір тұрғын үй кешенінің аумағында оқыс оқиға болғанын мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, адамдар биіктік жұмыстарын жүргізу кезінде 9 қабаттан альпинистік жабдықтан құлаған. Олардың ішінде 1999 жылы туған 3 альпинист және 2002 жылы туған тағы бір жігіт бар. 24 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы полицияға түсініктеме алу үшін жүгінді. Елордалық құқық қорғау органдары мұндай деректің болғанын растады.

"Жұмысшылардың құрылыс объектісінде құлау дерегі бойынша Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі бойынша "құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" соталды тергеу басталды.

Жедел жәрдем бригадасы келгенше 1 жұмысшы оқиға орнында қайтыс болды, қалған 3 ауруханаға жатқызылды. Тергеу жүргізіліп жатыр", — деді Астана ПД баспасөз өкілдері.