Пятница, 25 августа 2023 18:06

Ақтауда аттракцион тоқтап, балалар төмен салбыраған күйі қалып қойды

Ақтауда Rixos қонақ үйінің аумағында орналасқан аттракцион жоғары көтеріліп тоқтап қалған. Оның ішінде балалар болды.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желілерде Ақтауда аттракцион тоқтап, оған мінген балалардың басы төмен салбырған күйі қалып қойғаны көрсетілген видео тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Кеше полицияға Ақтау қаласындағы ойын-сауық саябағында аттракционның тоқтап қалғаны бойынша қоңырау түсті. Оқиға орнына ювеналды полиция қызметкерлері барды. Ол жерге барған мамандар жарықтың болмағанынан аттракционның тоқтағанын көрді. Бұл оқиғаға байланысты аттракцион иесімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ақтауда жарықты сөндіру мәселелері болып жатқанын өздеріңіз де көріп жатқан шығарсыздар», — деп тілші сауалына жауап берді Маңғыстау облыстық полиция департаментінен.

Ал, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, бұл аттракциондар Rixos қонақ үйінің меншігіндегі аумақта орналасқан. Тиісінше, жергілікті құзырлы орган оқиғаға қатысты түсінік беруге құқылы емес екенін жеткізді.

Мұнымен қатар, Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне де хабарласып көрік. Аталған ведомство бұл оқиға бойынша қоңырау түспегенін алға тартты.